Астана әкімі жолға шықпауға кеңес берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев фейсбуктегі парақшасына Астана бойынша барлық бағыттарға жол жабылғаны туралы ақпарат жариялады.
«Ақпарат үшін бүгін сағат 19.00-ден ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз) Астана қаласынан барлық бағыттарға дизельдік және қоғамдық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды (ТЖД)», - деп жазылған әкім парақшасында.
Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласымен бірге 5 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылған болатын.