Астана әкімі жөнделіп жатқан жол учаскелеріне барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелеріне барды. Бұл туралы astana.kz сайтына шара барысында мәлім болды.
None
None

Қала басшысы құрылыс компаниясының жұмыскерлерімен жолдарда жүргізіліп жатқан жұмыстар мен оның сапасы жайлы әңгімелесті. Қаланың көліктік моделі аясында жүргізілген талдауға сәйкес көшелерде 18 проблемалық учаске анықталды, биыл 8 жолда көлік қозғалысы жеңілдетілмек.

Қазіргі уақытта елордада жол жұмыстары бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, проблемалық учаскелерде жүктемені азайту, шағын айналма жол салу, жаңа жолдар салу және ескі көшелерді қалпына келтіру, тұрғын алабтарында жол инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ, көшелерді орташа жөндеу. Үстіміздегі жылы 76,5 км жол жөнделіп, қалпына келтірілмек, соның ішінде 19,16 км қосылған тұрғын алабтарында орналасқан.

Бұдан басқа, салынып жатқан жолдардың сапасын арттыру үшін инновациялық технологиялар енгізіліп жатыр. Мысалы, жабын қабатындағы қатты каркас құрылымымен ерекшеленетін жаңа асфальт түрі қолданылады. Елордада жол жөндеу және жол салу жұмыстарының сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін «Бюро Веритас» халықаралық компаниясы тартылып отыр. Қазіргі уақытта компания қала көшелеріне мониторинг жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар