Астана әкімінің орынбасарлары 1 ай бойы баспасөз мәслихатын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елорда әкімінің орынбасарлары баспасөз мәслихатын өткізетін болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-ның ресми өкілі Әсет Мақажанов мәлім етті.
«1 ай бойы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласы әкімінің орынбасарлары баспасөз мәслихатын өткізетін болады. Баспасөз мәслихаттарының кестесімен ortcom.kz сайтынан танысуға болады», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун «2015 жылғы елорданың құрылыс саласындағы жұмыстардың қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.