Астана әкімінің жаңа орынбасары тұрғындарға жеке телефон нөмерін берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек әрбір тұрғынның өтінішін тыңдайтыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті тұрғындар, достар! Менің телефонымның нөмірі бұрынғыдай қалды және сіздерден кері байланыс күтемін. Қала әкімі Bakhyt Sultanov елорданың әрбір тұрғынының өтінішін тыңдау туралы нақты міндет қойды. Сондықтан энергетика, жылумен қамту, сумен қамту, санитарлық тазалау, автомобиль жолдары, жарықтандыру, көгалдандыру қызметіне және Астана қаласының коммуналдық шаруашылық қызметіне қатысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, WhatsApp-қа жазыңыздар. Телефон кітапшаларында менің нөмірім жоқ тұрғындар үшін қайтадан жариялаймын +77019110600 ✊», - деп жазады әкімнің орынбасары өзінің фейсбуктегі парақшасында.
Еске сала кетсек, осы ақпан айында Астана қаласы әкімінің өкімімен Арман Тұрлыбек әкімнің орынбасары болып тағайындалған еді.