Жеңіс Қасымбек азаматтарды қабылдады

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Kazinform Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

қабылдау
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Әкім қабылдауға келген тұрғындардың көбіне қандай мәселені сөз ететінін атап өтті. Сондай-ақ мектеп, балабақша салу туралы да тілге тиек етті. 

«Азаматтарды қабылдадым. Қабылдаулар кезінде тұрғындар негізінен баспана, медициналық көмек, әлеуметтік көмек, абаттандыру, әлеуметтік нысандар салу және т.б. мәселелер бойынша жүгінеді. Осының негізінде қаланың дамуына қатысты толықтырулар енгіземіз. Мәселен, 2024-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңға жуық оқушы орнына (2 ауысымды) арналған 24 мектеп салынады. Сонымен қатар өзге де мемлекеттік мектептер саламыз, сол сияқты жеке инвестициялар жұмылдырамыз. 

Биыл мемлекеттік балабақшалар салу жұмысына да кірісеміз. Бес Оқушылар сарайының құрылысын бастаймыз. 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салуды жоспарлап отырмыз. Азаматтарды қабылдаулар барысында көтерілген мәселелерді назарда ұстаймыз. Проблемаларды шешуді қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді деп бөлеміз», - деді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар