«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы болып Аяған Сәндібай тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық журналист Аяған Сәндібай елордалық «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.

«Астана ақшамы» газетінің бас редакторы болып Аяған Сәндібай тағайындалды

ҚР еңбегі сіңген қайраткер, ҚР журналистика академиясының академигі, әр жылдары Қазақ мемлекеттік ақпараттық агенттігінде (ҚазТАГ - қазіргі ҚазАқпарат) жұмыс істеген, ҚР баспасөз және бұқаралық ақпарат министрінің орынбасары, «Қазақстан телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясының бірінші вице-президенті, Қазақ телевизиясының бас директоры, ҚР Президенті Әкімшілігі секторының меңгерушісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Ол бірнеше публицистикалық кітаптар мен телевизиялық фильмдердің авторы. А.Сәндібай «Астана ақшамы» газетінің ұжымына таныстырылды.