Астана әлем чемпионы Серік Нұрғалиевті салтанатпен қарсы алды
АНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін, жұма күні елордалық теміржол вокзалының перронында Күш-қуат құрылымдарының XIII дүниежүзілік олимпиадасының чемпионы -Серік Нұрғалиевті салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.
Чемпионның айтуынша, спорт шеберлері мен кандидаттары болып табылатын полиция қызметкерлерінен жасақталған қазақстандық команда олимпиадада үздік өнер көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, шілденің 25-і мен тамыздың 10-ы аралығында Ванкуверде өткен бұл олимпиадаға әлемнің 70 елінен 12 мыңнан астам спортшы қатысты. Спорттың 60 түрі бойынша өткен олимпиададан қазақстандық атлеттер командасы сегіз награда жеңіп алды, оның алтауы - алтын, қалған екеуі - күміс және қола медаль.
Қазақстандық команданың мүшесі астаналық Серік Нұрғалиев рекордшы атанды. Ол қанжығасына үш алтын медаль байлады. Ванкувердегі жеңісін қосқанда, Серік Нұрғалиев Күш-қуат құрылымдарының дүниежүзілік олимпиадасының тоғыз дүркін чемпионы атанып отыр.