Астана әлемдік діни лидерлер диалогының шын мәніндегі алаңына айналды - Сенат спикері

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат  - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қайрат Мәми

Астана әлемдік діни лидерлер диалогының шын мәніндегі алаңына айналды  - Сенат спикері

16-17 ақпанда Астанада болған Съезд Хатшылығы жұмыс тобының отырысына қатысушыларды қабылдады.

Кездесу барысында Қайрат Мәми дінаралық үнқатысуды ілгерілетуге белсенді қатысқаны үшін жұмыс тобының мүшелеріне алғыс айтып, «Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша ұйымдастырылған Діни лидерлердің съездері бұл идеяның көкейкесті және дер кезінде болғанын көрсететінін» атап өтті.

- «Астана әлемдік діни лидерлер диалогының шын мәніндегі алаңына айналды»,-деді  өз сөзінде Сенат Төрағасы.  Сонымен қатар, спикер алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезіне қатысушылар қабылдауды жоспарлап отырған Қорытынды құжаттың жобасы жөніндегі келісім бойынша жұмыстардың маңызды екенін атап өтті.

Төраға тоқталып өткендей, 30-31 мамырда Астанада өткелі отырған діни лидерлердің IV Съезінің басты тақырыбы «Адамзаттың таңдауы - бейбітшілік және келісім» болып белгіленген. «Ынтымақ пен келісімге қол жеткізу үшін дінаралық үнқатысудың маңызды құрал болатыны белгілі. Ал осы бағыттағы жұмыс тобы қызметінің нәтижелері алдағы Форумды табысты өткізу үшін септігін тигізетін болады», - деп сенім білдірді Сенат Төрағасы.