Астана, Алматы, Шымкентте ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологияық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Kazinform «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

ауа сапасы
Фото: pexels.com

«2024 жылғы 4 қаңтарда Астана, Шымкент және Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.