«Астана – Алматы» тасжолының Ақмола облысындағы бөлігі жөнделіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысында республикалық маңызы бар «Астана – Алматы» автожолының 917-946 шақырым аралығындағы бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ШҚО-дағы екі тасжолда бүгіннен бастап қыс соңына дейін көлік қозғалысы шектелді
Фото: qaj.kz

Жөнделіп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 29 шақырымды құрайды.

Жоба аясында:
– 4 020 шаршы метр аумақта жолдың ақаулы бөліктері жойылды;
– 15 шақырым аумақта 5 сантиметрге дейін асфальтбетон жабыны жонылды;
– 19,5 шақырымда қалыңдығы 7 сантиметр болатын төменгі жабын қабаты төселді;
– 11,5 шақырымда қалыңдығы 5 сантиметр майда түйіршікті асфальтбетоннан жоғарғы жабын қабаты салынды;
– жол жиектерін нығайту жұмыстары жүргізілуде.

- Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасып жатыр.

Нысанда 10 арнайы техника мен 10 маман жұмылдырылған, - деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

Жауаптылардың айтуынша, орташа жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жүргізушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Айта кетейік, Астананың тағы бір даңғылында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.