«Астана-Алматы-2» бағытында №502/501 жүрдек жолаушылар пойызы қатынай бастайды
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - 28 қазаннан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Алматы-2» бағытында №502/501 жүрдек жолаушылар пойызы қатынай бастайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
28 қазан күні сағат 16.15-те Астанадан жөнелтілген пойыз Алматы-2 вокзалына 29 қазан күні сағат 5.06-да жетеді.
Пойыз құрамында 27 вагон бар. Оның 19-ы «турист» санатында, біреуі - вагон-кафетерий, біреуі - вагон-мейрамхана, 2 вагон «бизнес», 1 вагон «гранд» санатында. Сонымен қатар мүгедектерге арналған купесі бар тағы бір «грант» санатындағы және 2 техникалық вагон бар.
Пойыз жолда Қарағанды мен Сарышағанға тоқтайды.