«Астана-Алматы» бағытында қосымша пойыз қатынай бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына және автомобиль тас жолдарының жабылуына байланысты теміржолшылар күшейтілген режімде жұмыс істеуде.

«Астана-Алматы» бағытында қосымша пойыз қатынай бастады

Бұл туралы ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жолаушылардың діттеген жеріне дер уақытында жетуін қатмамасыз ету үшін соңғы 3 тәулікте пойыздарға қосымша 57 вагон тіркелді. Мұндай шара 5 мыңнан астам жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік берді. Бұған қоса, 26 қаңтардан бастап №152-151 «Астана-Алматы»  қосымша пойызы шығарылды, ол күнара жүретін болады», - делінген хабарламада.

Компания ақпаратына сәйкес темір жол көлігі тәулігіне 40 мыңнан астам жолаушы тасымалдайды.