Астана, Алматы қалаларының және Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарының адвокаттары үздік нәтижелер көрсетті

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 21-24 ақпанның аралығында адвокаттар арасында аттестация өткізілді,

 Астана, Алматы  қалаларының және  Қарағанды мен   Солтүстік Қазақстан облыстарының адвокаттары  үздік нәтижелер  көрсетті

деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестациядан өтуге 970 адам шақырылды. Солардың 520-сы (54 пайыз) ғана келіп, оның 249-ы ғана (48 пайыз) аттестациядан өтсе, 271 адам (52 пайыз) өтпей қалды», делінген министрліктің ақпаратында.

Аттестацияның екі кезеңінің қорытындысы бойынша Астана мен Алматы қалаларының және Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген үміткерлер үздік нәтижелер көрсетті.