«Астана-Алматы» қосымша жедел пойызы сапарға шығады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін қосымша №152/151 «Астана-Алматы» пойызы ашылатынын хабарлады.
Пойыз жаңа 10 вагоннан құралған және 2017 жылдың 26 қаңтарынан бастап, күн ара жүретін болады. Пойыз Астана стансасынан 17 сағат 50 минутта, Алматы стансасынан 14 сағат 08 минутта аттанады.
Толық ақпарат алу үшін темір жол вокзалдарының анықтама бөліміне немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласуға болады.