Астана-Алматы пойызында бір жолаушы көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Алматы бағытындағы пойызда сапар шегіп келе жатқан бір ер адам қайтыс болды.

Астана-Алматы пойызында бір жолаушы көз жұмды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Тимур Асылханов хабарлағандай, оқиға фирмалық №9-10 «Бәйтерек» пойызында орын алған. Шу стансасына жақындай бергенде жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген.

Жолсеріктер рациямен «жедел жәрдем» шақыртқан. Шу стансасына келген медбикелер науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, клиникаға жатқызуға ұсыныс жасады. Алайда, ер адам ауруханаға барудан бас тартып, әрі қарай жол жүріп кеткен.

Біраз уақыттан соң өзін тағы да жайсыз сезінген жолаушы пойыздың Алматыға келуіне бір сағат қалғанда қайтыс болған.