Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Астана-Алматы-Үрімжі» пойызы қатынай бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ және Қытай теміржолы арасындағы келісімдерге сәйкес, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін кезеңде Алтынкөл (ҚР) - Қорғас (ҚХР) шекарасы арқылы өтетін «Астана-Алматы-Үрімжі» теміржол қатынасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана-Алматы-Үрімжі» пойызы қатынай бастады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтынкөл ірі теміржол торабы, қазақ және қытай теміржолдары тоғысатын станса болып табылады.

«Мұнда жылжымалы құрамдар параллельді жолдарға тоқтайды да жолаушыларды отырғызу басталады: Қазақстан жолаушылары - қытай пойыздарының вагондарына, ал қытай жолаушылары біздің пойыздарға орналасады. Жолаушыларды орналастырудың бұл үлгісі өте ыңғайлы әрі уақыт шығынын қажет етпейді», - дейді пойыз басшысы Элвира Таштырова. Туристер бұл уақытта шекара және кеден бақылауынан өтіп, сапарларын жалғастырады. Күн сайын жүретін пойыз «Тұлпар-Тальго» отандық өнімнің 31 вагонынан тұрады.