«Астана - ән қанатында» байқауы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ән байқауы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
None
None

Шараны №1 өнер мектебі Астана қаласы білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Оған 54 жалпы білім беретін мектептің 9-14 жас аралығындағы оқушылары қатысуда.

«Байқау эстетикалық талғамды дамытуға мүмкіндік береді. Болашақта біздің балалар өздерінің жетістіктерін қалалық және республикалық жарыстарда ғана емес, халықаралық ән фестивальдерінде де көрсете алады», - деп атап өтті №1 өнер мектебінің директоры Фархад Сабиев. Байқау екі кезеңнен тұрады. Қазылар алқасы нөмірлерді бірнеше негізгі критерий бойынша, соның ішінде вокалдық орындау шеберлігі, көркемдік қойылымы, сахналық костюмы бойынша бағалайды.

Соңғы жаңалықтар