«Астана»-АПОЭЛ: 1-таймның қорытындысы бойынша есеп - 1:0

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана»-АПОЭЛ командаларының УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiндегі алғашқы кездесуінің 1-таймы аяқталды. Есеп - 1:0, "Астана" футбол клубы алда келедi. "Астана-Аренасына" лық толған Қазақстанның жанкүйерлерi командамызға өте жақсы қолдау көрсетуде.

«Астана»-АПОЭЛ: 1-таймның қорытындысы бойынша есеп - 1:0

Ойынның 14-шi минутында "Астана" футбол клубының 22 нөмiрлi ойыншысы Бауыржан Жолшиев АПОЭЛ қақпасына гол салды. "Астана" футбол клубы бүгiн 11 ойыншымен алаңға шықты. Атап айтсақ, бүгiн бiздiң алаңды тағы 45 минут бойы мына ойыншылар қорғайды

1. Ненан Ерик (GK)

5. Марин Аничис

6. Неманья Максимович

8.Гиоргий Жуков

10.Фокси Кетевоама

17. Таңат Нөсербаев (команла капитаны)

22. Бауыржан Жолшиев

33.Илич Бранко

44. Евгений Постников

77.Дмитрий Шомко

88.Рожер Каньяс

Естерiңiзге сала кетейiк, УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiнде бүгiн "Астана" футбол клубы кипрлiк АПОЭЛ командасын өз алаңында қабылдап жатыр. АПОЭЛ-дың жауапты матчы 26 тамыз күнi Кипрде Астана уақытымен түнгi 00.45-те өтедi.