«Астана» - АПОЭЛ: елордалық ұжым жылдам гол соқты

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Арена» стадионында елордалық ұжым Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф раунды аясында Кипрдің АПОЭЛ командасымен ойнап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» - АПОЭЛ: елордалық ұжым жылдам гол соқты

Никосияда өткен алғашқы кездесудегі жеңілістен кейін, Григорий Бабаян шәкірттері бүгін қалайда жеңіске жетуі тиіс болғаны өздігінен түсінікті. Дегенмен, елордалық ұжым ә дегеннен шабуылға лап қойған жоқ. Есесіне, кипрліктердің ойыны біршама ширақтау көрінді.

Ойында «Астана» есеп ашты. 15-ші минутта қауіпті шабуылдардың бірінде айып алаңының ішінде қонақтар ойыншысы Карлаудың қолына доп тиіп, төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік нүктеден Педро Энрике қателескен жоқ. 1-тайм 1:0 есебімен аяқталды.