17:31, 26 Тамыз 2015 | GMT +5
«Астана» - АПОЭЛ қарымта матчы елордадағы «Қазмедиа орталығының» үлкен экрандарынан көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары Қазақстандық футболдың әлемдік футбол олимпінде беделге ие болуы үшін көп жұмыс жасалды.

18 тамызда УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Астана» футбол клубы мен кипрлік «АПОЭЛ» клубының ойыны астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Жанкүйерлер астаналық команданың жеңісіне қатты қуанды. Бұл матч өте тартысты өтті. Футбол матчы трибунасынан жастардың көп көрінуі жағымды жайт, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарымта ойын бүгін, 26 тамызда Никосияда өтеді. Өкінішке орай, көптеген жанкүйерлер мен футбол сүйер қауым аталмыш матчқа бара алмайды, сондықтан, бұқаралық онлайн-көрсетілім ұйымдастырылады.
«Астана» мен АПОЭЛ арасындағы қарымта матч тамыздың 26-нан 27-не қараған түні сағат 00:45-те «Қазмедиа орталығының» үлкен экрандарынан көрсетіледі.