«Астана» - АПОЭЛ қарымта матчы «Қазмедиа орталығының» үлкен экрандарында көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 тамызда УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф іріктеу раундында «Астана» мен кипрлық «АПОЭЛ» клубтарының ойыны астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Қарымта ойын 26 тамызда Никосияда өтеді.
Өкінішке орай, көптеген жанкүйерлер мен футбол сүйер қауым аталған матчқа бара алмайды сондықтан, ойынның онлайн-көрсетілімі ұйымдастырылады. «Астана» мен АПОЭЛ арасындағы қарымта матч 2015жылдың тамызында сағат 00:45-те «Қазмедиаорталығының» үлкен экрандарынан көрсетіледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.