«Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде жанкүйерлер санының жаңа қазақстандық рекорды тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде еурокубок сынына қазақстандық командалардың өз алаңында өткізген кездесулерінде бұрын-соңды болмаған келушілер санының жаңа рекорды тіркелді.

«Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде жанкүйерлер санының жаңа қазақстандық рекорды тіркелді

Бұл туралы Sports.kz. жазады.

«Астана» - АПОЭЛ матчы кезінде «Астана Арена» стадионына 30 000 жанкүйер жиналды. Бұған дейін көрермен ең көп жиналған ойын ретінде «Шахтёр» - «Селтик» матчы саналып келген. Ол жолы 29 950 адам ойынды тамашалауға келген еді.

Ең көп көрермен жиналған ЕК сынындағы қазақстандық командалардың өз алаңындағы ойындарының тізімі:

1.​ «Астана» (Астана) - АПОЭЛ (Кипр). «Астана Арена». 30 000 көрермен;

2.​ «Шахтёр» (Карағанды) - «Селтик» (Шотландия). «Астана Арена» 29 950 көрермен;

3.​ «Астана» (Астана) - ХИК (Финляндия). «Астана Арена» 27 937 көрермен;

4.​ «Астана» (Астана) - «Вильярреал» (Испания). «Астана Арена» 27 500 көрермен;

5.​ «Астана» (Астана) - «Марибор» (Словения). «Астана Арена» 23 650 көрермен.