«Астана»-«АПОЭЛ» матчының барлық билеттері сатылып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ФК мен «АПОЭЛ» командасы арасындағы Чемпиондар лигасының матчына сатылымға келіп түскен барлық билеттер сатылып кетті, деп хабарланған «Астана» футбол клубының ресми сайтында.
УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф раундының алғашқы матчына билеттерді сататын сауда орындарының деректеріне сүйенсек, барлық билеттер сатылып кеткен. Билеттер «Меломан» дүкен желілері мен «Астана Арена» стадионының кассаларында сатылған. Сатылымға барлығы отыз мың билет келіп түскен.
Еске салсақ, Қазақстан мен Кипр чемпиондары арасындағы ойын бүгін, 18 тамызда «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы сағат 22.00-де.