«Астана Арена» маңындағы қос даңғылды жалғайтын жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Астана Арена» стадионының маңындағы Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарын жалғап тұрған жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

астана арена
Фото: fcastana.kz

Осыған байланысты 16-19 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. 

Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, автокөлік қозғалысы іргелес көшелер арқылы жүзеге асады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп ескертеді әкімдіктен.

 

Соңғы жаңалықтар