«Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегі арасындағы жол жөнделеді

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын «Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегі арасындағы жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді. 

«Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегі арасындағы жол жөнделеді
Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты, 13-15 тамыз күндері аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр және Тұран даңғылдары ашық болады, автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады. 

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін LRT құрылысына байланысты Астанада бірнеше көше жабылатынын жазған едік. Сондай-ақ қаладағы Сарыарқа даңғылының учаскесі ішінара жабылады.