Астана-Арена стадионында «Астана»-«Галатасарай» футбол клубтарының ойыны басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Арена стадионында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобындағы "Астана"-"Галатасарай" футбол клубтарының ойыны басталды.
None
None

Бұл "Астана" командасының топтық кездесудегі өз алаңында өтіп жатқан алғашқы матчы. Сонымен, командалар мынандай құрамда ойнап жатыр: «Астана» футбол командасы: Ненад Эрич, Марин Аничич, Неманья Максимович, Георгий Жуков, Фокси Кетевоама, Бауыржан Жолшиев, Бранко Илич,Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Джуниор Кабананга. Ал, Михаил Голубничий, Алексей Щеткин, Серікжан Мұжықов, Игорь Пикалкин, Абзал Бейсебеков, Таңат Нөсербаев, Денис Дедечно резервте тұрған ойыншылар. «Галатасарай» футбол командасы: Фернандо Муслера, Билал Кыса, Ясин Озтекин, Сельчук Инан, Умут Булут, Уэсли Снейдер, Лукас Подольски, Хакан Балта, Лионель Кароль, Семих Кайя, Джейсон Денейер. Резерв: Дженк генен, Хосе Родригес, Синан Гюмюш, Аурелиан Чеджоу, Олкан Адин, Эмре Чолак, Сабри Сарыоглу. Матчты əлемнің 53 арнасы тікелей эфирден таратуда. Мыңдаған қазақ жанкүйерімен бірге Астана командасын Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев те қолдауға келгені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар