«Астана Арена» стадионында Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы кездесу басталды

Жасыл алаңда Қазақстан құрамасы сапында мына ойыншылар: Андрей Сидельников (22), Александр Киров (2), Юрий Логвиненко (3), Марк Гурман (5), команда капитаны - Қайрат Нұрдәулетов, Виктор Дмитренко (8), Сергей Остапенко (9), Марат Хайруллин (10), Мақсат Байжанов (15), Генрих Шмидтгаль (16) және Бауыржан Жолшиев (23) ойнауда.
Ал Германия құрамасы сапында Мануэль Нойер (1), Марсель Шмальцер (3), Бенедикт Хеведес (4), Сами Хедира (6), Бастиан Швайнштайгер (7), Месут Озил (8), Юлиан Дракслер (11), Томас Мюллер (13), команда капитаны - Филипп Ламм (16), Пер Мертезакер (17), Марио Гетце (19) сынды ойыншылар бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының ірктеу кезеңінде өтіп жатқан матчқа грекиялық Тасос Какос төрлеік жасауда.