«Астана-Арена» стадионында «Шахтер мен «Селтик» арасындағы матч өтеді
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін қарағандылық «Шахтер» Глазгоның «Селтик» командасымен футболдан Чемпиондар лигасының финалдық алғашқы матчын өткізеді, деп хабарлады Vesti.kz.
Матч Қазақстанның елордасында «Астана-Арена» стадионында Астана уақытымен сағат 21::00-де басталады. Кездесу КТК телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі.
Еске сала кетейік, жауап кездесу Глазгода 27 тамызда «Селтик Парк» стадионында өтеді.