«Астана-Аренаның» Еуро-2020 матчын өткізу жолындағы тартыста бір бәсекелесі азайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Римдегі Олимпиада стадионы футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу жарысына Италия берген өтімдегі жалғыз арена болып қалмақ, деп хабарлайды vesti.kz.

«Астана-Аренаның» Еуро-2020 матчын өткізу жолындағы тартыста бір бәсекелесі азайды

2013 жылдың қаңтар айында УЕФА-ның атқарушы комитеті 2020 жылғы Еуропа чемпионатының ақтық матчтары бұрынғыдай бір немесе екі мемлекетте емес, Еуропаның бірқатар елдерінің 13 қаласында өтетіні мәлімдеген болатын. Алдын ала тізімге 39 қала енгізілді. Италия Рим мен Миландағы «Интер» мен «Джузеппе Меацца» стадиондарын ұсынған болатын.

«Римдегі Олимпиада стадионы елдегі УЕФА-ның талаптарына сай келетін, халықаралық жарыстарды өткізуге лайықты жалғыз арена болып табылады. Егер «Стадио Олимпико» таңдалып алынса, бізге онда қауіпсіздік мәселесіне қатысты бірқатар технологиялық жұмыстарды жүргізуге тура келеді», - деді Италияның ұлттық олимпиада комитетінің президенті Джованни Малаго.

«Айта кетейік, УЕФА-ның атқарушы комитеті жарыс өтетін қалалардың нақты тізімін 2014 жылдың 25 қыркүйегінде бекітеді. Матчтарды өткізуге ниет білдіріп отырған үміткерлердің арасында қазақстандық «Астана-Арена» стадионы да бар» делінген хабарламада.