«Астана арландары» АҚШ-та «Los Angeles Matadors» клубының былғары қолғап шеберлерімен кездеседі
АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - 13 қараша күні «Астана арландары» мен АҚШ-тың «Los Angeles Matadors» клубының былғары қолғап шеберлері қолғап түйістіреді.
Бұл ақпаратты ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Бүгін астаналық боксшылар Алматы облысының Новоалексеевкадағы спорттық базасында оқу-жаттығу жиынына кірісті. Бұл команданың американдық спортшылармен кездесуі алдындағы қорытынды жаттығуы. Екі команда арасындағы бәсеке 13 қараша күні Лос-Анжелес қаласында өтеді. Ал 4 қараша күні 2011-2012 жылдардағы Дүниежүзілік бокс сериясының жарыстарына қатысатын елордалық команданың ресми тұсаукесері Алматы қаласында өтпек. 9 қараша күні Қазақстан боксшылары Америкаға аттанады.