«Астана арландары» АҚШ-тың «Los Angeles matadors» командасын 3:2 есебімен ұтты

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Лос Анджелес қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалы аясында «Астана арландары» мен АҚШ-тың «Los Angeles matadors» командасының спортшылары қолғап түйістірді.
None
None

Бұл жолы да аса жоғары дайындықтың, кәсіби шеберліктің үлгісін көрсеткен қазақстандық былғары қолғап шеберлері қарсыластарын 3:2 есебімен ұтты. Алғашқы 54 келідегі боксшылар арасындағы сайыста Қанат Әбутәліпов аргентиналық қарсыласы Фернандл Мартинезді 2:1 енсебімен ұтты. Ал 64 келіде өнер көрсететін келесі боксшымыз өкінішке орай Ерик Флорестен ұтылуға мәжбүр болды. 73 келіде Крис Пеарсонмен қолғап түйістірген Олипиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қарсыласынан 1:2 есебімен есе жіберді. Сондай-ақ 85 келі салмақ дәрежесінде Марат Молдагереев бразиялық боксшы Елбер Рассосты 3:0 есебімен айқын жеңсе, ауыр салмақта өнер көрсеткен Астана арландары командасының легионері Иштван Бернат калифорниялық қарсыласынан басым түсті.

Естеріңізге сала кетейік, 9 сәуірде елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде «Астана арландары» мен АҚШ-тың «Los Angeles matadors» командасының спортшылары қолғап түйістірген болатын. Ол жолы қазақ боксшылары 4:1 есебімен қарсыластарын ойсырата ұтқан еді. Тіпті, Қанат Ислам мен Руслан Мырсатаев американдық қарсыластарын нокаутқа жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар