09:49, 21 Сәуір 2013 | GMT +5
«Астана Арландары» - финалда
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - WSB дәрежесі бойынша болып жатқан доданың жартылай финалдық кездесулерінің қарымта жекпе-жегінде «Астана Арландары» өздерінің шаршы алаңдарында «Мексико Сити Гуэрэрос» клубының боксшыларын қабылдап, 5:0 есебімен басым түсті.
Ал, өткенде Мехикода өткен жекпе-жекте «Астана Арландары» жергілікті боксшыларды ұтқан болатын. Сөйтіп финалға бір қадам жақындаған еді.
WSВ дәрежесі бойынша өтетін финалдық сында өз жекпе-жектерін «Астана Арландары» 10 және 11 мамыр күндері елордада «Украина атамандарымен» өткізеді.