«Астана арландары» өз тобында алға шықты

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Бокстан «Астана арландары» Алматыда «Герман қырандарын» қабылдап жеңіске жетіп, топтық кезеңді аяқтады.

«Астана арландары» өз тобында алға шықты

Енді алда ширек финалдық кездесу. Ол кезеңдегі қарсыласымыз алдағы күндері анықталады, деп хабарлайды «Аламан».

54 кг: Мирас Жақыпов (Қазақстан) - Николае Андриан (Румыния) - 0:3 (47:48, 47:48, 46:49)

Кездесуді Мирас Жақыпов пен румын Николае Андриан бастады. Осыған дейінгі кездесулерінде жеңіліп көрмеген Мирас бұл жолы қарсыласын құлата алмады.

61 кг: Ержан Мүсәпіров (Қазақстан) - Роберт Харутюнян (Германия) - TKO-I R2 02:59

Екінші кездесуде Ержан Мүсәпіров Роберт Харутюнянды оңдырмай сабап, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. Осылайша есеп теңескен.

73 кг: Константин Снигур (Израиль) - Василий Белоус (Молдова) - 3:0 (50:44, 49:45, 50:44).

Артынша Константин Снигур біздің команданы алға шығарды. Израильдік легионер Василий Белоусты ұтты. Одан кейін шаршы алаңға көтерген екі бірдей алыптарымыз жеңіске жетті.

85 кг: Эхсан Рузбахани (Иран) - Серж Мишел (Германия) - 3:0 (50:45, 50:45, 50:45);

91 кг: Руслан Мырсатаев (Қазақстан) - Эрик Брехлин (Германия) - TKO R2 03:00.