«Астана арландары» ресейлік қарсыластарын өз алаңында жеңіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Кемеров қаласында елордалық «Астана арландары» «Ресей патриоттарымен» ширек финалдың алғашқы жекпе-жектерін өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгінгі айқаста 49 келі салмақта сынға түскен Теміртас Жүсіпов пен 91 келіде сынға түскен  Антон Пинчук қарсыластарына есе жіберіп алды.

Ал 56 келі салмақ дәрежесінде Ілияс Сүлейменов, 64 келі салмақта  Ділмұрат Мижитов және 75 келі салмақта ел намысын қорғаған  Сапарбай Айдаров қарсыластарынан ұтып, «Арландықтарға» жеңіс сыйлады. Енді, қарымта кездесу, жартылай финалға шығу үшін Қарағанды қаласында 20 мамырда өтеді.

Соңғы жаңалықтар