Астана арландары тағы да Куба қабландарынан оңбай таяқ жеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүізілк бокс сериясы маусымының матчтық кездесуінде «Astana Arlans» клубының былғары қолғап шеберлері «Cuba Domadores» боксшыларына 0:5 есебімен есе жіберді, деп хабарлады sports.kz сайты.

Астана арландары тағы да Куба қабландарынан оңбай таяқ жеді

Атап айтқанда, 49 келіде шаршы алаңға көтерілген Теміртас Жүсіпов қарсыласы Йосбани Вейтиадан айласын асыра алмаса, Бағдад Әлімбеков (56 келі) Маркос Форесталдан 0:3 есебімен оңбай таяқ жеді. Ал 64 келі салмақ санатында жұдырықтасқан Руслан Мәдиев Ясниер Толедодан әлсіздік танытты. Сондай-ақ Ерік Әлжановтың (75 келі) Луис Рамонға лайықты қарсылық көрсетуге шамасы жетпеді. 91 келіде ел намысын қорғаған Арбек Әбдуғаниев болса 4-раундта қарсыласы Эрисланди Савонудан техникалық нокаутпен ұтылды.

Айта кетейік, «Astana Arlans» боксшылары қорытынды кездесулерін 1 наурыз күні Алматыда «Hussars Poland» былғары қолғап шеберлеріне қарсы өткізеді.