«Астана арландары» тағы да жеңіске жетті

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - «Астана арландары» клубы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) Азиялық конференциясы аясындағы алтыншы жекпе-жектерін өткізді.
None
None

Дала арландары осы алты кездесудің тек біреуінде ғана жеңілді.

Сенбі, 15 қаңтарда «Дәулет» спорт кешенінде елордалық клуб корейлік «Инчхонның қызыл қанаттары» («Incheon red wings») клубын қабылдады. Корейлік клубпен осымен екінші рет кездесіп отырған «арландар» алғашқы кездесулерінде 4:1 есебімен жеңілсе, бұл жолы қонақтарды 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл туралы елордалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

«Астана арландарының» атынан 54 келі салмақта Қанат Әбутәліпов, 61 келі салмақта Мерей Ақшалов, 73 келі салмақ санатында Қанат Ислам, 85 келі салмақ санатында Рамжон Ахметов (легионер), ал 91 келі санатта - Сардор Абдуллаев (легионер) өнер көрсетті. Олар қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстанға айқын жеңіс әкелді.

«Арландар» келесі кездесулерін 29 қаңтарда осы корейлік клубпен өткізеді.

Соңғы жаңалықтар