«Астана арландары» үшінші мәрте WSB биігін бағындыруға ұмтылмақ

«Аргентиналықтар үшін сайыстың мұндай кезеңіне көтерілу қазірдің өзіне рекордтық көрсеткіш саналса, Қазақстан астанасының былғары қолғап шеберлері осымен үшінші мәрте плей-офф сериясында WSB-тың құрметті сатысына қол созып отыр», деп жазады «Казахстанская правда» газеті «Наставники определились» (автор - Виктор Ермолаев, № 104 (27378), 23.03.2013) деген тақырыптағы ақпаратында.
Қарсылас комадалардың жаттықтырушылар штабы бес жекпе-жекте кездесетін қарсыластардың есімдерін де атады. Сонымен 54 келіге дейінгі салмақ санатында Альберто Мелиан мен Елік Әбдірайымов, 61 келіде Хуан Карраско мен Самат Башенов, 73 келіде: Карлос Брайан Кастаньо мен Сергей Деревянченко, 85 келіде Ямиль Перальта мен Хрвоже Сеп, 91 келіден жоғары салмақ санатында Оскар Риккардо Перез бен Михай Нистор жұдырықтасатын болады.
Аргенина астанасында өткен кездесуден кейін қарымта жұдырықтасу 29 наурыз күні Алматыда өтеді. Жеңімпаз команда Бүкіләлемдік бокс сериясы үшінші маусымының жартылай финалына жолдама алады.