«Астана арландарына» жаңа боксшылар келді

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - «Астана арландары» жаңа маусымға дайындалып жатыр.

«Астана арландарына» жаңа боксшылар келді

«Аламан» спорт агенттігінің мәліметінше, екі жыл жанкүйер үмітін ақтамаған команда биыл екі жылғы есенің орнын толтырсақ дейді. Сергей Деревянченко келді командаға. Одан бөлек, 2009 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері украиналық Роман Капитаненко да «арлан» атанды. Пекин олимпиадасының қола жүлдегері, былтырғы Еуропа чемпионы Вячеслав Гожан (Молдова), израильдік Константин Снигур және хорват Хрвое Сеп, Филипп Хргович сынды боксшылар да «Астана арландарымен» келісім шартқа отырды. Ал Қанат Ислам ресми түрде командадан кетті.