«Астана арландарының» боксшысы М.Нұрсұлтанов ресейлік С.Сидиковты айқын басымдықпен ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының бесінші маусымының жартылай финалында «Астана арландарының» боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов Ресейдің «Рашн Боксин Тим» командасының мүшесі Сухроб Сидиковті ұтты.

«Астана арландарының» боксшысы М.Нұрсұлтанов ресейлік С.Сидиковты айқын басымдықпен ұтты

Төрешілердің 50:45, 50:45, 49:46 есебімен М.Нұрсұлтанов ресейлік қарсыласынан басым түсті. Бүгінгі күннің соңғы жекпе-жегі Василий Левит пен Виталий Кудухов арасында өтеді. Айта кетейік, елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) жобасының бесінші маусымының жартылай финалында «Астана арландары» мен Ресейдің «Рашн Боксин Тим» командасы арасындағы кездесу өтуде. Бүгін 5 жұп жұдырықтасады. Екі команда арасындағы қалған салмақ санатындағы боксшылардың жекпе-жегі ертең өтеді. Бұл күні шаршы алаңда Олжас Сәттібаев пен Карен Арутюнян (52 келі), Закир Сафиуллин мен Артур Субханкулов (60 келі), Нұрдәулет Жарманов пен Эдуард Якушев (81 келі), Еркін Мұхамеджан мен Дмитрий Зайцев (91 келіден жоғары) айқасатын болады. Ал 69 келі салмақ санатында ел намысын Асланбек Шымбергенов қорғап, ресейлік Якуб Нуриевпен жұдырық түйістіруі тиіс еді. Бірақ жаттықтырушылар оның орнына Данияр Елеусіновті шығару туралы шешім қабылдады.