14:57, 04 Мамыр 2011 | GMT +5
«Астана арландарының» Бүкіләлемдік бокс сериясындағы ақтық жекпе-жекке шығатын құрамы белгілі болды
АЛМАТЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мамырдың 6-7 күндері Қытайдың Гуянг қаласында Бүкілемдік бокс сериясының ақтық жекпе-жегінде Қазақстанның «Астана арландары» Францияның «Париж юнайтед» командасымен кездеседі.

Онда ел намысын 54 келіде - Қанат Әбутәліпов пен Мейіржан Рахымжанов, 61 келіде - Мерей Ақшалов пен Ержан Мүсәпіров, 73 келіде - Қанат Ісләм мен Бақыт Сәрсекбаев, 85 келіде - Марат Молдагереев пенн Рамжон Ахмедов, 91 келіден жоғары салмақта - Иштван Бернат пен Руслан Мырсатаев бақ сынамақ. Сондай-ақ Әліби Нұрматов (73 кг) пен Сардор Абдуллаев (+91 кг) резервке алынып отыр. Бұл дүбірлі додаға Болат Манкенов тізгінін ұстаған «Астана арландары» Қытайға кеше аттанып кетті. Олар елге 10 мамырда оралады деп жоспарланып отыр. Жалпы ақтық сында алғашқы күні бірінші, ал келесі күні екінші құрам өнер көрсетететін болады.