«Астана арландарының» мексикалық қарсыластары белгілі болды

Онда Бейбіт Есжанов Хабибулла Исмаил-Ахунов (54 кг), Мерей Ақшалов (61 кг), Рустам Сваев (73 кг), Рамжон Ахмедов (85 кг) пен Руслан Мырсатаевқа (+91 кг) сенім білдіруде. Мексиканың «Mexico City Guerreros» («Мехико жауынгерлері») бұл сында Елиас Емигдио (Elias Emigdio), Ангел Гутиеррез (Angel Gutierrez), Дмитро Митрафанов (Dmitro Mytrofanov), Кеннеди Катенде (Kennedy Katende), Омар Гарсиа (Omar Garcia) сынды былғары қолғап шеберлеріне үміт артып отыр. Бұл жекпе-жекте астаналықтар легионерлерден өзбекстандық Р. Ахметовке, ал мехиколықтар украиналық Д. Митрафанов пен швециялық К. Катендені үкілеп қоспақ.
Бүкіләлемдік бокс сериясының 2011/2012 жылғы екінші маусымындағы іріктеу кезеңінде «Астана арландары» «А» тобында 22 ұпаймен 3-орын алған еді. Ал «Мехико жауынгерлері» 20 ұпаймен «В» тобында 2-орын алған болатын. Онда астаналықтар 7 жекпе-жекте қарсыластарынан үстем шығып, үшеуінде жеңіліс тапса, мехиколықтар 6 кездесуде жеңіс тойын тойлап, төртеуінде басымдықты қарсыласына беріп қойған болатын.