07:32, 15 Тамыз 2015 | GMT +5
«Астана Арландарының» WSB алтыншы маусымындағы қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Венесуэлада Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) кезекті алтыншы маусымының жеребе тарту рәсімі болып өтті.
Қазақстанның намысын қорғайтын WSB қазіргі чемпионы «Астана Арланс» D тобында бақ сынайтын болды. Оның қарсыластары - «Баку Файрс» (Әзербайжан), «Пуэрто Рико Харрикайнс» және турнирге алғаш рет қатысып отырған Өзбекстан командасы.
Басқа топтардың құрамы төмендегідей:
А тобы: Cuba Domadores, Algeria Desert Hawks, Ukraine Otamans, China Dragons;
В тобы : Mexico Guerreros, USA Knockouts, Morocco Atlas Lions, British Lionhearts;
С тобы : Russia Boxing Team, Rafako Hussars Poland, Argentina Condors, Venezuela Caciques.
Барлығы турнирге 16 команда қатысады.