09:18, 03 Шілде 2013 | GMT +5
«Астана Арландарының» WSB төртінші маусымындағы қарсыластары белгілі болды
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс сериясының қазіргі чемпиондары Astana Arlans құрамасының WSB-дің төртінші маусымындағы қарсыластары анықталды.
Швейцариялық Лозанна қаласында жеребе тартылып, жерлестеріміз В тобына түсті. Олар топтық кезеңде Mexico Guereros, Cuba Domadores, Azerbaijan Baku Fires, Russian Boxing Team және Hussars Poland құрамаларымен қолғап түйістірмек. Astana Arlans өздерінің атақтарын қорғау жолында алғашқы кездесулерін өз алаңдарында әзербайжандық Baku Fire командасымен өткізбек.
Ал А тобына Ukraine Otamans, Italia Thunder, USA Knockouts, Argentina Condors, Algeria Desert Hawkes және German Eagles құрамалары еніп отыр.
Біріншілікке өзгерістер енгізілді. Енді жекпе-жектер әдеттегідей бес емес, он салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады және маусымның қорытындысы бойынша олимпиадалық лицензиялар ойнатылады.