«Astana Arlans» боксшылары «Baku Fires» командасын жеңді
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - WSB жаңа маусымының бірінші матчында Қазақстанның «Astana Arlans» командасы Әзірбайжанның «Baku Fires» командасын 4:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Sport.kz.
49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әнуар Мұзапаров Хамзе Наметовтен 0:3 есебімен (47:48, 47:48, 46:49) жеңіліп қалды, Бағдат Әлімбеков (56 кг) Магомед Гурбановтан 3:0 (49:46, 48:47, 48:47) есебімен басып түсті, Асхат Уәлиханов (64 кг) Осман Әлиевті 3:0 есебімен (49:46, 49:46, 50:45), Василий Левит (91 кг) Абдулкадыр Абдуллаевты 3:0 есебімен (47:45, 47:44, 48:45) ұтты.
23 қараша күні «Astana Arlans» боксшыларының «Russian Boxing Team» командасымен кездесулері өтеді деп жоспарлануда.