22:47, 26 Сәуір 2014 | GMT +5
«Astana Arlans» боксшылары WSB бірінші жартылай финалында «Baku Fires» командасын ұтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Astana Arlans» бокс клубы Астанада WSB маусымының алғашқы жартылай финалдық мачтында Әзербайжанның «Baku Fires» былғары қолғап шеберлерін 3:2 есебімен ұтып жеңіске жетті, деп хабарлады sports.kz.
Теміртас Жүсіпов (49 келі) Хамза Наметовті - 3:0 (49:46, 49:46, 50:45) есебімен жеңді, Мәди Шолақов (56 келі) Гаирбек Гермахановқа - 1:2 (46:49, 47:48, 49:46) есебімен жол берді, Асхат Уәлиханов (64 келі) Гайбатулла Гаджиалиевтен - 1:2 (50:45, 46:49) есебімен жеңіліп қалды, Сергей Деревяненко (75 келі) Солтан Мигитиновті техникалық нокаутпен тоқтатты, ал Василий Левит (91 келі) Абдулкадир Абдуллаевтан - 3:0 (49:46, 50:45, 50:45) есебімен басым түсіп, қазақстандықтарға жеңіс әперді.
Қарымта кездесу 3 мамырда Әзербайжанда өтеді.