«Astana Arlans» боксшысы Сергей Деревянченко кәсіби боксқа ауысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 жастағы украиндық Сергей Деревянченко енді бағын кәсіби бокста сынап көрмекке бел буды, деп хабарлайды vringe.com boxrec.com.-ға сілтеме жасап.

 «Astana Arlans» боксшысы Сергей Деревянченко кәсіби боксқа ауысады

Николаев қаласында тұрып жатқан орта салмақтағы боксшы алғашқы жекпе-жегін 21 маусымда Уилкс-Барредегі Mohegan Sun Pocono Downs аренасында (Пенсильвания штаты, АҚШ) өткізеді.

Айта кетер жайт, тағы бір украиндық Анатолий Дудченко Наджиб Мохамедимен шаршы алаңда жұдырық түйістіреді. Олардың жеңгені жартылай ауыр салмақтағы WBA/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бернард Хопкинспен кездесетін болады.

Еске сала кетсек, мамыр айының басында құрамында Деревянченко бар «Astana Arlans» командасы биылғы WSB маусымының финалына шыға алмай қалған болатын.