Astana Arlans - China Dragons арасындағы WSB матчы тікелей эфирде көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Таразда Қазақстанның Astana Arlans командасымен қытайлық China Dragons арасындағы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) матчы болады, деп хабарлайды sports.kz.

Astana Arlans - China Dragons арасындағы WSB матчы тікелей эфирде көрсетіледі

Кеше алдағы кездесуде жекпе-жекке шығатын жұптардың құрамы жарияланды:

52 кг: Сәкен Бибосынов (Қазақстан) - Гуо Чжан (Қытай)

60 кг: Әлімжан Бескемпір (Қазақстан) - Ву Юфэн (Қытай)

69 кг: Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Таксымаймайти Хайшаер (Қытай)

81 кг: Бек Нұрмағамбет (Қазақстан) - Гегарибу Цзэн (Қытай)

+91 кг: Нұрсұлтан Аманжолов (Қазақстан) - Эвандер Сервут (Латвия)

Бокс кешінің тікелей трансляциясы «Хабар» телеарнасында 17:25-те басталады.