Astana Arlans-China Dragons: Шымбергенов нағыз бабында екенін көрсетті

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Таразда өтіп жатқан бокс кешінде арландық Асланбек Шымбергенов қытайлық  Таксымаймайти Хайшаерді жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Astana Arlans-China Dragons: Шымбергенов нағыз бабында екенін көрсетті

Қазақстанның Astana Arlans командасы мен қытайдың China Dragons арасындағы үшінші кездесуде 69 келі салмақ санатында Асланбек Шымбергенов бен қытайлық Таксымаймайти Хайшаер қолғап түйістірген болатын. 5 раундтық тартысты кездесуде арландық боксшы қытайлық айдаһардан басым екендігін дәлелдеді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Қазақстан боксшысына берді.

Алда  81 келіде Бек Нұрмағамбет Гегарибу Цзэнмен, +91 келіде Нұрсұлтан Аманжолов латвиялық Эвандер Сервутпен жұдырықтасады.

Айта кетейік, алғашқы кездесуде 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Сәкен Бибосынов  Гуо Чжаннан басым түсіп, арландықтарды алға шығарған болатын.

Екінші кездесуде Әлімжан Бескемпір (60 келі) Ву Юфэнді сүріндірді.  

Таразда өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы Astana Arlans пен қытайлық China Dragons арасындағы бұл кездесу «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілуде.