«Astana Arlans» - «Cuba Domadores» суперматчының билеттері сатылымға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Чемпиондар шайқасы» суперматчының «Astana Arlans» пен «Cuba Domadores» арасында 9-10 қыркүйекте өтетін ойынының билеттері сатыла бастады, деп хабарлады қазақстандық клубтың баспасөз қызметінен.
«Билеттер 20 тамыздан «Жастар» және «Конгресс-холл» кассаларында, «Мега», «Керуен», «Сарыарқа» СОСО, «Меломан» желілерінде саудаға қойылды. Трибунадағы билеттердің құны 500 теңгеден 2000 теңгеге дейін, партерде 3000 теңгеден 5000 теңге аралығында. 9 қыркүйекте болатын ойынның билеттері сары түсті, ал 10 қыркүйектегі ойындікі - көк түсті. Билет бір күнге ғана жарамды», делінген таратылған хабарламада.
Осыған дейін хабарланғандай, «Чемпиондар шайқасы» суперматчы екі күн қатарынан «Дәулет» ұлттық теннис орталығында өтеді.