18:51, 13 Желтоқсан 2014 | GMT +5
«Astana Arlans» клубы WSB арнайы сыйлығына ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Arlans» кәсіби спорт клубы WSB (Бүкіләлемдік бокс сериясы) арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.
«WSB қатысушы 12 елдің дауыс беру нәтижесінде «Әділ ойын үшін» (Fair Play Award) сыйлығы «Astana Arlans» клубына бұйырды. Клуб бірден екі наградаға 2013 және 2014-ші жылдардың сыйлығына ие болды. Екі сыйлық та Қазақстан бокс федерациясының мұражайына берілді», - делінген хабарламада.
Осыған дейін хабарланғандай, қараша айында клубтың бас менеджері мен бас бапкері ауысқан. «Арландардың» жаттықтырушысы Марат Жәкиев болса, бас менеджер ретінде 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің кандидатурасы бекітілді.